• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Видео 26 Қазан, 2023

Ақын Жүрсін Ерманға «Отан» ордені ауруханада табысталды

999 рет
көрсетілді

Республика күніне орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бірқатар азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды. Еңбегі ескеріліп, құрметке ие болғандардың арасында ақын, айтыс өнерінің жанашыры Жүрсін Ерман да бар, деп жазады Egemen.kz. 

Қазіргі уақытта Жүрсін Ерман сырқатына байланысты ауруханада ем-дом алып жатыр. Көңілін сұрап, сәлем айта барған тиісті сала өкілі ақынға «Отан» орденін ауруханада табыстады.

Бұған дейін ақын Жүрсін Ерман Мемлекет басшысының Жарлығымен «Отан» орденімен марапатталғаны туралы жазған едік.