• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Партия 25 Қазан, 2023

Ауыл партиясы Республика күнімен құттықтады

149 рет
көрсетілді

Қадірлі отандастар!

Баршаңызды Рес­пуб­­­ли­ка­ күнімен шын жүректен құт­тық­тай­мыз!

1990 жылы қабылданған Еге­мен­дік декларация­сы­ – еліміздің сая­си, эко­но­микалық, әлеуметтік, ұлт­тық-мәдени, әкімшілік-аумақтық құры­лы­сының дербестігін айқындаған тәуел­сіздік тарихындағы айшықты құжат­тардың бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап көрсеткендей, «Бұл – бостандық үшін күрескен бабалар арманы ақиқатқа айналған күн».

Ата-баба қанымен, тарихтың алапат дауылына қарсы тұра білген аға буынның жанкешті еңбегімен, мұқалмас ерік-жігерімен келген Тәуелсіздігіміздің арайлап атқан әр таңын ардақтай білейік.

Еліміздің бірлігі берік, ынтымағы тұрақты, әлеуеті қуатты болғай!

Әр шаңыраққа молшылық пен игілік, ырыс-береке, баян­ды бақыт тілейміз.

 

Ізгі ниетпен,

«Ауыл» партиясы