• RUB:
    4.82
  • USD:
    440.9
  • EUR:
    475.95
Басты сайтқа өту
Фотогалерея 25 Қазан, 2023

Фотошежіре

107 рет
көрсетілді

Қазақ КСР Жоғарғы ке­ңе­сінің екінші сес­сия­сы 15 қазанда жұ­мысын бастады. Онда төраға Ерік Асанбаев декла­ра­ция­ның негізгі жобасы туралы баян­­­­­­­дама жасап, құжат 17 қазан күні «Социалистік Қазақстан» және «Ка­зах­станская правда» га­зеттерінде жариялан­ды.

Декларация жобасы 15-16 қазан күні талқылауға түсіп, оған 40-тан астам депутат қатысады. 16 қазанда 25 адамнан тұратын комиссия құрылып, төрағалығына академик, депутат Салық Зиманов сайланды. Орын­ба­сарлыққа Жоғарғы кеңес төрағасының орынбасары З.Федотова мен Эко­но­микалық реформа, бюджет және қаржы комитеті төра­ғасының орынбасары М.Оспанов ұсынылды. Комиссия құрамына академиктер Ж.Әбділдин, М.Қозыбаев, С.Сартаев, жазушы Ә.Кекілбаев, армия генералы С.Нұрмағамбетов, ҰҚК генералы, Шығыс шекара округінің қолбасшысы Е.Неверовский, тағы басқа депутаттардан тұратын 25 адам кірді.

25 қазан, 1990 жыл. «Қазақ кеңестік Социалистік Рес­пуб­ли­касы мемлекеттік егемендігі туралы» декларациясы он екінші шақырылған Қазақ КСР Жоғарғы кеңе­сі­нің екінші сессиясы ертең­гі­лік оты­рысының күн тәр­тібіне шы­ғарылды.