• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Қазан, 2023

Құтқарушылар құрамы Ауғанстанға көмекке кетті

159 рет
көрсетілді

Президенттің арнайы тапсырмасымен Қазақстан ТЖМ құтқарушылары жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Ауғанстанға жіберілді, деп жазады Egemen.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігі іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін құрылған 45 адам: республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, кинологтар, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері – фельдшерлер. Бұлар құтқару операциялары бойынша көпжылғы тәжірибелі мамандар, олардың бірқатары биыл Түркияда болған жер сілкінісі салдарын жоюға қатысқан.

Қажетті керек-жарақтармен жабдықталған топты ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ұларбек Әбікеев басқарады.