• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Қазан, 2023

«Иесін әрдайым қорғайды»: Желіде иесін күзеткен иттің видеосы тарады

223 рет
көрсетілді

Жамбыл облысында зейнеткер жасанды кедергілерден өте алмай мүгедектер арбасынан құлаған. Оның иті осы сәтте қасынан бір елі кетпей, иесін күзетіп жанында болған. Оларды байқаған полицейлер бірден көмекке келген. Полицейлер Хатико мен оның иесі Анатолий Дербеновті бірден таныпты, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 7 қазанда Жамбыл облысындағы көшелердің бірінде болған. Патрульдік полиция инспекторлары бірден қарт кісіге көмекке ұмтылғанымен, ит иесіне ешкімді жолатпаған. Кейінірек полицейлер амалын тауып, қарияға көмектескен.«Ит тістеп алуы мүмкін еді. Қаладағы барлық адамдар оның қабаған екенін біледі. Иесін әрдайым қорғайды. Біздің басты міндетіміз − атаға көмек көрсету болды. Ол басын жарақаттап алған еді», деді Тараз қалалық ПБ ППБ 1-взвод командирі Нұрбол Мырзакерім.Қазір зейнеткер мен оның итінде бәрі жақсы, дәрігердің қарауынан кейін екеуі де үйіне жіберілді.