• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Қыркүйек, 2023

Сенат депутаты Дархан Қыдырәлі ант қабылдады

184 рет
көрсетілді

Сенаттың жалпы отырысында жаңадан сайланған депутат Дархан Қыдырәлі ант қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарын мүлтіксіз орындауға, маған жүктелген депутаттық міндеттерді адал атқаруға ант етемін», деді Дархан Қыдырәлі.

Сондай-ақ жалпы отырыста депутаттар оны палатаның халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің құрамына сайлады.

Бұған дейін Мемлекет басшысының Жарлығымен Қыдырәлі Дархан Қуандықұлы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалғанын хабарлаған едік.