• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Құқық 21 Қыркүйек, 2023

Талдықорғанда бекіре аулаған браконьер ұсталды

207 рет
көрсетілді

Заңсыз балық аулаған Талдықорған қаласының тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Zhetysu.police инстаграм парақшасындағы мәлімет бойынша, 43 жастағы ер адам басқарған BMW автокөлігінде полицейлер заңсыз ауланған балықты тәркілеген. Балықтардың бірі ҚР Қызыл кітабына енген бекіре тұқымдас балық болып шыққан.

Аталған автокөлік Талдықорған-Үштөбе тас жолының 40 шақырымында ұсталған.

«Сараптама тәркіленген бекіре тұқымдас пілмай балық екенін растады. Болжам бойынша, ұсталған адам Қаратал өзенінің төменгі ағысында балық аулауға тыйым салынған жерде балық аулаған. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», деді Жетісу облысы ПД табиғатты қорғау полициясының аға инспекторы Бағлан Рымжанов.