• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Қоғам 21 Қыркүйек, 2023

Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды

179 рет
көрсетілді

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігі Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Түркия Республикасынан Қазақстан азаматын қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін экстрадициялады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол құрылыс компанияларына тиесілі 1 млрд теңгеге жуық, соның ішінде аурухана салуға арналған қаражатты ұрлады деген күдікке ілінген.

Күдікті 2014 жылдан бері халықаралық іздеуде болған. Енді күдікті Астанадағы тергеу изоляторында отыр.

«Аталған қылмыстық құқық бұзушылық үшін мүлікті тәркілей отырып, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», деді Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай.