• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Спорт 16 Қыркүйек, 2023

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді жеңіспен бастады

194 рет
көрсетілді

Футзалдан Қазақстан құрамасы келесі жылы өтетін әлем чемпионатына іріктеу туры аясындағы матчты жеңіспен бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Келесі жылдың күзінде Өзбекстанның астанасы Ташкентте өтетін әлем чемпионатына іріктеу   кезеңін бастаған жігіттер сырт алаңда Нидерланды құрамасын 0:2 есебімен ұтты.

Алмере қаласында өткен тартысты мачтың 3-минутында Эден есеп ашса, 28-минутта Тұрсағұлов нәтижені еселей түсті.

Қазақстан құрамасы келесі матчты 20 қыркүйекте Алматыда өткізіп, Румыния құрамасын қабылдайды.

Кеше румындар өз алаңында Әзербайжан құрамасын 3:1 есебімен ұтты.