• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Парламент 13 Қыркүйек, 2023

Мектепті діни ағымдардың ордасына айналдырмау керек – Е.Қошанов

219 рет
көрсетілді

Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов  мектеп оқушыларының хиджаб киюіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

 

«Бұл мәселе жөнінде алуан түрлі пікір айтылып, жазылып   жатыр, оны бәріңіз білесіз. Біз  зайырлы мемлекетте өмір сүреміз, Конституциямызда дін бостандығы бар. Өзінің діни рәсімін жасаймын деген әрбір адамдарға ешқандай шектеу жоқ. Қазақстан  азаматтары қай дінді ұстанып, мешітке, шіркеуге басқа да діни орталықтарына барып рәсімдерін өткізуге құқылы.

Енді хиджаб мәселесіне келсек,  білім ошағын саяси не діни ағымдардың ордасына айналдырмаумыз керек. Ол білім ордасы, оқушылар онда тек білім алады.  Сондықтан  оқушыларды да, мұғалімдерді де басқа мәселеге алаңдатпағанымыз дұрыс.  Министрліктің бекіткен стандарты бойынша арнайы мектеп формасы бар. Сол стандарт сақталуы тиіс. Балалар өздері кәмелеттік жасқа толғанда   қандай киім киетініне таңдау жасайды», деді Мәжіліс спикері.