• RUB:
    4.9
  • USD:
    443.72
  • EUR:
    482.28
Басты сайтқа өту
Елорда 06 Қыркүйек, 2023

Елордада бос жұмыс орындарына арналған кезекті жәрмеңке өтеді

137 рет
көрсетілді

Ертең, 7 қыркүйекте елордадағы «Жастар» сарайында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді, деп жазады Egemen.kz Астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жәрмеңкеде халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында түрлі мамандықтар бойынша 650-ден астам бос жұмыс орны ұсынылады.

Іс-шара 7 қыркүйек күні сағат 14.30-дан 17.00-ге дейін «Жастар» сарайында (Республика даңғылы, 34) өтеді.