• RUB:
    4.9
  • USD:
    443.72
  • EUR:
    482.28
Басты сайтқа өту
Президент 05 Қыркүйек, 2023

Қасым-Жомарт Тоқаев сарбаздармен дидарласты

150 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы далалық әскери лагерьде сарбаздармен әңгімелесті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысында өткен «Батыл тойтарыс – 2023» оқу-жаттығу жиынына қатысып, далалық әскери лагерьде дайындық өткізіп жатқан сарбаздармен тілдесіп, жағдайын сұрады. 

«Астанадан оқу-жаттығу жиынын бақылау үшін арнайы келдім. Елге, Отанға қызмет етуден артқан қызмет жоқ», деді Мемлекет басшысы.

Жауынгерлер де Президентпен дастархан басында емін-еркін әңгімелесті.

«Мен қашанда жастарды қолдап, қуаттап жүремін, еліміздің болашағы жастардың қолында», деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.