• RUB:
    6.26
  • USD:
    516.01
  • EUR:
    582.47
Басты сайтқа өту
Теннис 01 Қыркүйек, 2023

Рыбакина – үшінші айналымда

167 рет
көрсетілді

Қазақстанның үздік теннисшісі Елена Рыбакина Нью-Йоркте өтіп жатқан US Open жарысының үшінші айналымына шықты.

WTA рейтингінде төртінші орында тұрған Е.Рыбакина турнирдің екінші айналымында әлемнің 127-ракеткасы аустралиялық Айла Томляновичпен кездесуі керек болатын. Алайда қарсыласы «Үлкен дулыға» турнирін жалғастырудан бас тартты.

Енді Е.Рыбакина келесі кезеңде румын Сорана-Михаэла Кырстямен кортқа шығады. Егерде жерлесіміз қарсыласын жеңсе, онда WTA рейтингінде үшінші орынға көтеріледі.