• RUB:
    6.63
  • USD:
    519.58
  • EUR:
    609.36
Басты сайтқа өту
Президент 17 Тамыз, 2023

Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

273 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезияның тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Президент Джоко Видодоны және Индонезия халқын осы елдің ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Индонезиямен арадағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін растады.