• RUB:
    4.9
  • USD:
    443.72
  • EUR:
    482.28
Басты сайтқа өту
Қаржы 14 Тамыз, 2023

Доллардың бүгінгі бағамы

219 рет
көрсетілді

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 446 – 450 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Kurs.kz дерегі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 446– 449,7 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 447,5 – 450 теңге аралығында құбылып тұр.

11 тамыз күні кешке өткен сауда-саттықта доллардың орташа құны 0,96 тиынға қымбаттап, 446,00 теңгені құрады.

Ұлттық банктің 14 тамызға белгілеген ресми бағамдары: 1 доллар – 445,81 теңге, Ресей рублі – 4,53 теңге.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында рубль 4,45 – 4,65 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 4,47 - 4,57 теңгеден ұсынылуда.