• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Тамыз, 2023

Қазақстанда азық-түлік 13,5%-ға қымбаттады

186 рет
көрсетілді

Ұлттық статистика бюросы ұсынған деректерге қарағанда, 2023 жылғы шілдедегі жылдық инфляция деңгейі 14 пайызға жетті, деп жазады Egemen.kz.

Осы тұста азық-түлік тауарлары 13,5%-ға, азық-түлік емес тауарлар 15%-ға, ақылы қызметтер 13,6%-ға қымбаттады.

Мәселен, 2022 жылғы шілдемен салыстырғанда:

кеңсе тауарлары - 64,4%-ға; күріш – 44,3%-ға; қантсыз қоюландырылған сүт – 42,4%-ға; күндізгі стационарлық емдеу – 40,8%-ға; ыдыс жууға арналған құралдар – 37,4%-ға; кір сабын – 35,9%-ға; қырыққабат – 27,5%-ға; тосап, джем - 25,9%-ға қымбаттады.

Сондай-ақ жылдық мәнде:

қант – 17,4%-ға; қарақұмық жармасы – 10,5%-ға; күнбағыс майы – 4,7%-ға; қызылша – 6,1%-ға; сәбіз – 3,4%-ға; картоп - 1,3%-ға арзандады.

Бұдан бөлек өткен айда:

дыбыс-бейне шолу (теледидиар, ноутбук, фотоаппарат және т.б.) жабдықтары – 9,6%-ға, тұрмыстық құралдар – 1,2%-ға; ыдыс – 1,1%-ға; спорт, туризм және демалуға арналған жабдықтар – 0,9%-ға; тоқыма бұйымдары, жеке қолданатын тауарлар - 0,8%-ға; баллондағы сұйытылған газ – 6,2%-ға, АИ-95/96 маркалы бензин - 4,5%-ға, АИ-98 бензин - 3,6%-ға қымбаттады.