• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Сенат 13 Шілде, 2023

Екібастұз жылу энергетика орталығында 10 қазандық жөнделеді

229 рет
көрсетілді

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Ернұр Әйткенов пен Алтынбек Нухұлы Екібастұздағы жылу энергетика орталығына барып, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Депутаттар ЖЭО-да жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқан учаскелерді қарап, жылу беру маусымына дайындық үдерісіне куә болды.

Станцияда барлық 10 қазандықты жөндеу қарастырылған, оның ішінде 8 қазандықта күрделі жөндеу жұмыстары жасалатын болды. Су жылытатын 5 қазандыққа бюджет қаржысы есебінен күрделі жөндеу жүргізіледі. Сондай-ақ 5 энергетикалық қазандықты, қосалқы жабдықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жасау жоспарланып отыр.

«№7 және №9 қазандықтарды жөндеу 1 шілдеде аяқталды. №6 энергетикалық қазандық пен су жылытатын 5 қазандықта жөндеу жұмыстары жалғасуда. Ол жұмыстар 18 тамызда аяқталады. №11, 14, 15 су жылыту қазандықтарында бөлшектеу жұмыстары аяқталды. Бұл мәселені біз бақылауда ұстаймыз», деп атап өтті сенаторлар.