• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Маусым, 2023

Алматыда Желтоқсан көшесі уақытша жабылады

Алматыдағы Желтоқсан көшесінің бірқатар учаскелерінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды, Egemen.kz

«23 маусым түнгі сағат 22:00-ден 26 маусым таңғы сағат 7:00-ге дейін Алматы қаласының Бостандық ауданында Батыс Желтоқсан көшесі бойынша Ганди көшесінен оңтүстік бағытта Желтоқсан көшесі, 191 үйге дейін екі бағытта көлік қозғалысы шектеледі», деп хабарлады «Алматы жылу желілері» ЖШС-ні.

Уақытша шектеулер аталған көшенің жүріс бөлігінің астынан өтетін магистральды құбырды қайта қалпына келтіруге байланысты енгізіліп отыр.

Соңғы жаңалықтар