• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Саясат 21 Маусым, 2023

Үкімет басшысы Әзербайжанға ресми сапармен барды

232 рет
көрсетілді

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Әзербайжан Республикасына ресми сапармен барды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлихан Смайыловты Баку әуежайында Әзербайжан Премьер-министрінің орынбасары Әли Ахмедов пен Әзербайжан Республикасындағы Қазақстанның Төтенше және Өкілетті елшісі Әлім Байел күтіп алды.

Сапар барысында Қазақстан Үкіметінің басшысы Әлихан Смайылов Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевпен кездеседі, сондай-ақ Әзербайжан Премьер-министрі Әли Асадовпен мемлекетаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайды.

Атап айтқанда, көлік-логистика, сауда-саттық, энергетика, аграрлық сектор, IT және өнеркәсіптік кооперация салаларындағы бірлескен қадамдар қарастырылады.