• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Басылым 20 Маусым, 2023

Журналистің алғашқы жинағы

291 рет
көрсетілді

Астанадағы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №5 балалар кітапханасында журналист, «НұрСұңқар» республикалық байқауының жүлдегері Қалиакбар Үсем­ханұлының «Аңсап келдім, Ата­­жұрт» атты алғашқы публи­цис­­ти­­калық кітабының тұсаукесері өтті.

«Ой түбінде жатқан сөз», «Сөз сырына құштарлық», «Тілдестірмек тілшіден» атты үш бөлімнен тұратын жинаққа автор­дың кейінгі жылдары ұлт тағдыры, ел жағдайы, тіл мәселесіне қатысты мақа­лалары мен сұхбаттары енген.

Осы кітапқа жазған алғы сөзінде көр­некті қаламгер, тарихшы, Мемлекеттік сый­лықтың лауреаты Қойшығара Салға­ра: «Өз басым үш тарауға топтастыры­лып, елу түрлі тақырыпты қамтыған қолжаз­баны түгел оқып шыққанда әртүрлі оқи­ғалардан құралған үзік-үзік шағын әңгі­мелерді емес, қазақ халқы бастан кешірген тірліктің белгілі бір кезеңінің бар болмысын көз алдыңа әкелген «бас-аяғы бүтін» толыққанды тұтас бір көркем шығарманы оқығандай күй кештім. Жинаққа енген еңбектердің қай-қайсысының да ақпараттық мағлұматының танымдық тағы­лымы басым. Осыған орай бұлар­ды газет мақалалары дегеннен гөрі «этно­графиялық танымдық шағын әңгімелер жинағы» деп қабылдасақ та артық болмайтын секілді», деп баға беріпті.

Мазмұнды шарада белгілі жазушы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Тұрсынхан Зәкенұлы оның қаламы тө­селген қарымды журналист екенін атап өтті.

« Ол Қытайдағы «Шыңжаң» газетінде біраз жыл қызмет істеп, қалыптасты. Бет­кеұстар тілші болды. Оның бір артық­шы­лығы – қытай мен қазақ журна­лис­тикасының ерекшелігін бойына сіңіріп, соны шығармашылығында шебер пайдаланады», деді ол.

 Сондай-ақ іс-шара барысында жазушы Қойшығара Салғара, түрколог ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы, «Elorda Aqparat» ЖШС директоры Олжас Сыдықбек, «Ас­тана ақшамы» газетінің бас редакторы Еркін Қыдыр және «Қандас» медицина мамандары қауымдастығының төрағасы Жеңіс Қалиязымұлы сөз алып, оқырманға жол тартқан жаңа жинақ туралы ой қозғап, авторға шығармашылық табыс тіледі.

Соңғы жаңалықтар