• RUB:
    5.03
  • USD:
    488.26
  • EUR:
    530.54
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Маусым, 2023

Еліміздің азаматтық авиациясында ұшқыш маман тапшылығы болуы мүмкін

468 рет
көрсетілді

Индустрия және инф­рақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, бүгінде азаматтық авиацияда 20 мыңға жуық адам еңбек етеді. Алайда 2025 жылға қарай авиация саласының мамандарына сұраныс еселеп артуы мүмкін деген болжам бар.

Осы мәселеге қатысты «Egemen Qazaqstan» газетінің «Ұшқыш болу оңай ма?» мақаласына көз жүгіртіп көрсек. 

«Қажетті маман тапшылығы мәсе­ле­сін­ шешу мен студенттеріміздің еңбек нары­ғындағы бәсекеге қабілеттілігін арт­тыру үшін Ғылым және жоғары білім министр­лігімен бірлесіп, еуропалық стандарттарға көшу арқылы азаматтық авиация саласына кадр даярлау жүйе­сін түбегейлі реформалап, оқу үдерісін ИКАО-ның озық стандарттарына сай жолға қою мәселесі қарастырылып келеді», дейді М.Қарабаев.

Жоғарыда айтып өткендей, елімізде 20 мыңға жуық адам авиация саласында қызмет етеді. Оның ішінде ұшқыш, инженер, менеджер тағы да басқа мамандарды қосқанда 107 мекемеде жұмыс істейді екен. Салада 53 әуе компаниясы қызмет көрсетеді. Оның 8-і күнделікті жолаушы тасымалына араласады. Ал басқасы ауыл шаруашылығын, маусымға қарай ұшатын чартерлік рейсті жандандырса, бұл қатарға VIP жолаушы таситын компания да қосылады. Оның жетеуі – жергілікті шағын аэропорт. Алматы, Ақтөбеде авиажөндеу зауыты бұрыннан жұмыс істейді.

Авиа­ция­ға маман даярлайтын Орта­лық­ Азия­да­ғы Азаматтық авиация академиясы Алматыда орналасқан. Онда жоғары және орта білімді мамандарды оқытады. Кеңес өкіметі тұсын­да авиация саласында 6 жоғары оқу орны болған екен. Ақтөбедегі училищеде ұшқыштар даярлаған. Егемендік алғаннан кейін, 1995 жылы Азаматтық авиация академиясы құрылып, 2000 жылы бірінші түлектерін шығарды. Содан беріге дейінгі аралықты есептесек, академия 23 жылда 7000 түлек даярлапты. Олардың шамамен 80%-ы авиация саласында еңбек етіп жүр. Бірақ қазір салада 20 мың жұмысшы еңбек ететінін ескерсек, салыстырмалы түрде білікті маман аз екенін аңғарамыз. Бұл – авиациядағы мамандардың орта жасы 50-ден асатыны туралы деректі растайды. Қысқасын айтқанда кадр­лар қартайып барады.