Орта салмақтағы WBO және IBF тұжырымдары бойынша чемпион отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы 3 белбеу үшін тарихи кездесу өткізеді. 6 желтоқсан күні ол кубалық кәсіби былғары қолғап шебері Эрсленди Лараға қарсы рингке көтеріледі, деп жазады Egemen.kz.
Бұл туралы Premier Boxing Champions (PBC) сайты ресми түрде хабарлады. Жаңалықты Жәнібек Әлімханұлының өзі де парақшасында жариялады.
PBC Жәнібек Әлімханұлы мен Эрсленди Лара айқасын бокс кешенің маңызды жекпе-жегіне балап отыр.
Сондай-ақ, бокс кешінде О'Шаки Фостер Стивена Фултонға қарсы қолғап түйістіреді. Ал Иисус Рамос Шейна Мослимен орта салмақтағы WBC-дің аралық белбеуін иемденуге ұмтылып көреді.
Жекпе-жектер АҚШ-тың Техас штаты, Сан-Антонио қаласында орналасқан Frost Bank Center аренасында өтеді.
Бұған дейін Жәнібек Әлімханұлы 6 желтоқсан күнгі жекпе-жегін меңзеп, дайындыққа қарқынды кіріскенін хабарлаған болатын.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы кейінгі кездесуін Астанада ұйымдастырып, Франциядан келген үміткер Анауэль Нгамиссингені 5 раундта техникалық нокаутпен тізе бүктірген еді.