• RUB:
    4.96
  • USD:
    447.25
  • EUR:
    485.18
Басты сайтқа өту
Қоғам 13 Маусым, 2023

Абай облысында хабар-ошарсыз кеткен тракторшының мәйіті табылды

594 рет
көрсетілді

Абай облысындағы өрт кезінде жоғалып кеткен Далон орман шаруашылығының тракторшысы Сергей Архиповтың денесі табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай облысының полиция қызметкерлері өртенген аймақтан 50 шақырым жерде 10 маусым күні жоғалып кеткен Бесқарағай ауданы Долон ауылының тұрғыны Архипов Сергей Николаевичтің мәйітін тапты.

«Ер адамның мәйіті қызметтік иттің көмегімен табылды. Аталған факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады», делінген хабарламада.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы жария етуге жатпайды.