• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Саясат 11 Маусым, 2023

Президент жедел жөнделген жолдарға қатысты пікір білдірді

173 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысына келуіне орай жолдардың жедел жөнделгеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Мен келеді деп аяқ астынан жол жөндей бастау дұрыс емес. Бұл – мүлдем масқара жағдай. Мен бұл туралы оқыдым, білемін. Кінәлілер жазаланады», деді Мемлекет басшысы.