• RUB:
    4.96
  • USD:
    447.25
  • EUR:
    485.18
Басты сайтқа өту
ANTIKOR 02 Маусым, 2023

Астанада 20 млн теңге көлемінде пара алған басшысыға қатысты тергеу аяқталды

239 рет
көрсетілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысына қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысына қатысты тергеуді аяқтады, ол 2022 жылдың желтоқсанында квазимемлекеттік кәсіпорынға жүргізіліп жатқан тексеру бойынша салықтарды қосымша есептеу сомасын төмендеткені үшін 20 млн теңге көлемінде пара алған», деп хабарлады агенттік. 

Тергеу сотының санкциясымен күдікті қамауға алынды. 

ANTIKOR баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі уақытта Астана қаласының прокуратурасы айыпталушыны сотқа берді.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сонымен бірге, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.