• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Мамыр, 2023

Абай облысында 30 млн ағаш отырғызылады

585 рет
көрсетілді

Абай облысында орманды қалыпқа келтіру үшін 5100 гектар жерге 30 миллионға жуық ағаш отырғызылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Отандық телеарнаның хабарлауынша, Абай облысында орманды қалыпқа келтіру үшін 5100 гектар жерге 30 миллионға жуық ағаш отырғызылады. Мұндай жұмыс өткен аптада жанып кеткен қарағайлы орман аумағында да жүргізіледі. Бұл туралы өңірге барған Экология және табиғи ресурстар министрі айтты. Өрттің салдарынан 3,5 мың гектардай аумақты қызыл жалын шарпыған. Өрт қазір толық сөндірілді. Жергілікті деңгейде жарияланған төтенше жағдай режимі 1 апта бойы сақталады.

«Тиісті қаржы бөлінген болатын. Біз енді өрт сөндіруге қажет қосымша техника мен құралдар сатып аламыз. Оған қоса өрттің ошағын ерте анықтайтын жүйелер орнатылады. Ол үшін де керек қаражат бөлінген», деді Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова.