• RUB:
    6.34
  • USD:
    510.58
  • EUR:
    571.8
Басты сайтқа өту
Саясат 20 Мамыр, 2023

Мемлекет басшысы Италия Премьер-министрімен кездеседі

410 рет
көрсетілді

Президент 22 мамыр күні Қазақстанға жұмыс сапарымен келетін Италия Премьер-министрі Джорджа Мелонимен кездеседі, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сондай-ақ дәл осы күні Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келетін Сингапур Президенті Халима Якобпен келіссөздер жүргізеді.

Кездесу барысында екі елдің саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері талқыланады.

Мемлекет басшысы 25 мамыр күні Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің Мәскеуде өтетін кезекті отырысына қатысады.