• RUB:
    4.82
  • USD:
    440.92
  • EUR:
    475.36
Басты сайтқа өту
Әлем 17 Мамыр, 2023

Сирияда үйінді астында 3 ай бойы жатқан ер адам құтқарылды

435 рет
көрсетілді

Сириядағы жер сілкінісінен үш айға жуық уақыт өткеннен кейін үйінді астынан тірі адам табылды, деп хабарлайды Egemen.kz  Akhbar.fouri сайтына сілтеме жасап.

Үйінді арасында 3 ай бойы су мен азықсыз жатқан ер адам қатты азып кеткен. Жойқын зілзала салдарынан зардап шеккен ер адам дәрігерлердің бақылауына алынды. 

Еске салайық, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында магнитудасы 7,7 және 7,6 балдық жер сілкінісі болды. Зілзала салдарынан 50 мыңнан астам адам көз жұмды. Жер сілкінісінен кейінгі дүмпулер Сирияда, Иранда және жақын маңдағы басқа да бірқатар елдерде сезілді.

Сирияда болған жер сілкінісі салдарынан 6-7 мыңдай адам қайтыс болып, мыңдаған адам түрлі жарақат алған.