• RUB:
    5.07
  • USD:
    451.77
  • EUR:
    485.97
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Мамыр, 2023

Шымкентте тұрғын үй ауласынан ер адамның мәйіті табылды

411 рет
көрсетілді

Шымкент қаласында Ерімбетов, 38 көшесіндегі тұрғын үйдің ауласынан ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оtyrar.kz порталының жазуынша, жергілікті тұрғындар оқиға туралы 1 мамыр күні сағат 16.00 шамасында полицияға хабарлаған.

Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары мәйітті бастапқы тексеру кезінде зорлық-зомбылық белгілерін анықтаған жоқ.

Полицейлер марқұмның жеке басын анықтады. Ол 1984 жылы туған, еліміздің азаматтығын алған Өзбекстан тумасы болып шықты. Әзірге өлімнің нақты себебі анықталған жоқ.