• RUB:
    5.14
  • USD:
    451.38
  • EUR:
    487.22
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Сәуір, 2023

Текеліде 8 жасар бала бесінші қабаттан секіріп кетті

368 рет
көрсетілді

Текелі қаласында үйде үлкендердің қарауынсыз қалған сегіз жасар бала бесінші қабаттың терезесінен полиэтилен пакет пайдаланып секіріп кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жетісу облыстық ТЖД оқиға 25 сәуір күні сағат 12:20-да болғанын хабарлады.

«Үйде ересектердің қарауынсыз қалған 2015 жылы туған бала полиэтилен пакетін парашют ретінде пайдаланып, бесінші қабаттың терезесінен секіріп кеткен. Қазіргі уақытта баланың жағдайы бірқалыпты. Талдықорған қаласының облыстық ауруханасында жатыр. Кейін белгілі болғандай, баланың жерге жай құлауына ағаш бұтақтары ықпал еткен», деп хабарлады облыстың ТЖД баспасөз қызметі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмауға, сондай-ақ терезелерге арнайы қорғаныс құралдарын орнатуға шақырады.