• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Сәуір, 2023

Жаңаөзенді шаңды дауыл басты

244 рет
көрсетілді

Жаңаөзенді шаңды дауыл басып қалды. Мектеп оқушылары қаладағы ауа райының қолайсыздығына байланысты қашықтан оқыту форматына көшірілді, деп хабарлайды Egemen.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Қала жолдарында көлік қозғалысы да қиынға соғып барады. Әлеуметтік желіде шаңды дауылдың видеосы тарап жатыр.

- «Қазгидромет» қызметі Маңғыстау облысы аумағында шаңды дауыл тұрып жатқаны, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жететіні туралы SMS хабарлама таратты. Осыған байланысты білім беру ұйымдарында сабақ қашықтан жүргізеледі. Біз азаматтардан сақтық шараларын сақтауды сұраймыз, - деп хабарлады Жаңаөзен әкімдігінің баспасөз қызметі.

Облыстық полиция департаменті көлік жүргізушілерінен жолда өте сақ болуды сұрайды. Ресми мәлімет бойынша, облыстағы барлық жолдар көлік қозғалысы үшін ашық тұр.