• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Елорда 24 Сәуір, 2023

Астанада «Astana Bike» жүйесі қайта іске қосылады

373 рет
көрсетілді

Елордада 25 сәуірден бастап «Astana Bike» автоматтандырылған велосипед жалдау жүйесі іске қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Велосипедтер мен абонементтерді сатып алу таңғы сағат 9:00-ден бастап қолжетімді болады.

Велосипедтер мен велостансаларды қосу қала бойынша кезең кезеңімен жүреді:

25 сәуірде: 600 велосипед пен 76 велостанса; 26 сәуірде: 100 велосипед+ 20 велостанса; 27 сәуірде: 100 велосипед + 22 велостанса; 28 сәуірде: 100 велосипед+ 22 велостанса; 29 сәуірде: + 14 велостанса.

Сәуір айының соңына дейін барлығы 154 велостанса мен 900 велосипедті іске қосу жоспарланып отыр.

Абонементтерді сатып алу, веложалдау бойынша барлық ақпаратты www.velobike.kz сайтынан алуға болады.

Велосипедтерді пайдалану уақыты шектелмейді.