• RUB:
    6.34
  • USD:
    510.58
  • EUR:
    571.8
Басты сайтқа өту
Саясат 21 Сәуір, 2023

Әлихан Смайылов Абай облысына іссапармен барады

546 рет
көрсетілді

Бүгін Премьер-министр Әлихан Смайылов Абай облысына жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің Telegram каналына сілтеме жасап.

Үкімет басшысы онда өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы барысымен танысады.

«Үкімет басшысы өңірге сапары аясында Шүлбі ГЭС-і және «Ғаббасов» қазандығының жұмысын тексереді және Ядролық медицина және онкология орталығына, сондай-ақ басқа да бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысанға барады», делінген хабарламада.