• RUB:
    4.82
  • USD:
    440.92
  • EUR:
    475.36
Басты сайтқа өту
Әлем 09 Сәуір, 2023

Израиль Сириядағы нысандарға соққы жасады

301 рет
көрсетілді

Израиль Сирияның оңтүстігінде және ел астанасы Дамаск маңында артиллериялық соққы берді, деп хабарлайды Egemen.kz euronews агенттігіне сілтеме жасап.

ЦАХАЛ коммюникесінде соққының Сирия қарулы күштері пайдаланатын зымыран ұшыру қондырғыларына, әскери радар жүйелеріне және артиллериялық бекеттерге жасалғаны айтылды.

Бұл соққы сенбіден жексенбіге қараған түні Сирия аумағынан Голан төбелеріне екі рет зымыран ұшыруға жауап болды.

«Израиль қорғаныс күштері Сирияны өз аумағында болып жатқан барлық әрекеттерге жауапты деп санайды және Израильдің егемендігін бұзу әрекетіне жол бермейді», делінген мәлімдемеде.

Шабуыл осы аптада Иерусалимдегі әл-Ақса мешітіндегі қақтығыстар, Ливан мен Израиль арасындағы зымырандық шабуылдар, Газа секторынан атқылаудан және Израильдің жауап соққыларынан, Тель-Авив пен Батыс жағалаудағы өлімге әкелген шабуылдардан кейін аймақта шиеленістің артуы кезінде орын алды.