• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Саясат 31 Наурыз, 2023

Талдықорған қалалық мәслихатының жаңа төрағасы сайланды

257 рет
көрсетілді

Темірболат Ахажан Талдықорған қалалық мәслихатының төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Темірболат Ахажан 1964 жылы 24 мамырда Талдықорған қаласына қарасты Еркін ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары. Инженер-механик және заңгер мамандықтары бойынша білім алған.

«Нұр-Шапағат Құрылыс», «Достық» сынды көптеген жеке серіктестіктер мен корпорация, кәсіпорындарда қызмет атқарған.

2019 жылдан бастап Талдықорған қалалық мәслихатының хатшысы болды.

Темірболат Ахажан - Amanat партиясының мүшесі. Осы партияның атынан сайлауға түсті.

Айта кетейік, Талдықорған қалалық мәслихатына 18 депутат сайланды.