• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Наурыз, 2023

Таразда жасырылған қару-жарақ табылды

344 рет
көрсетілді

Таразда вокзал аумағынан қару-жарақ жасырылған орын табылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Жедел-іздестіру жұмыстары кезінде темір жол желісі маңынан полиэтилен пакетке оралған 12 калибрлі ИЖ-18ЕМ бір ұңғылы шолақ мылтық, «Полиция» деген жазуы бар қорғаныс кеудешесі тәркіленді.

ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.