• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Наурыз, 2023

Бензин мен дизельдің көтерме саудасына шекті баға белгіленуі мүмкін

393 рет
көрсетілді

Елімізде бензин мен дизельдің көтерме саудасына шекті баға белгіленуі мүмкін. Тиісті бұйрық жобасы «Ашық НҚА» сайтында пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Энергетика министрлігінің жобасында былай делінген:

Бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген стационарлық жанармай құю станцияларына мұнай өнімдерін көтерме саудада өткізудің шекті бағалары қосылған құн салығын ескере отырып, мынадай мөлшерде белгіленсін:

АИ-80 бензині – тоннасына 93 161 теңге;АИ-92 және АИ-93 бензині – тоннасына 193 649 теңге;дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – тоннасына 236 156 теңге.

Жоба 24 наурызда жарияланды, 30 наурызға дейін қоғамдық талқылауда болады.