• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
Теннис 13 Наурыз, 2023

Қазақстан теннисшілері әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде бақ сынайды

193 рет
көрсетілді

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы теннистен 14 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.

20 наурыз бен 1 сәуір аралығында Малайзияның Кучинг қаласында World Junior Tennis Competition 14&under Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу кезеңінің топтық бәсекесі өтеді.

Осы додада Қазақстан намысын төмендегі теннисшілер қорғайды:

Ұлдар:

Михаил Мищенко (Алматы),

Ярослав Пшеничный (Астана),

Мансұр Сайынов (Ақтөбе).

Команда капитаны - Сергей Квак.

Қыздар:

Ева Корышева (Ақтөбе),

Сабина Шухратова (Шымкент),

Еркежан Жаңатаева (Алматы).

Команда капитаны - Мәдина Рахым.

Іріктеу кезеңінде 16 команда төрт топқа бөлініп, бақ сынайды. Әр топтан екі құрама плей-офф кезеңіне шығады. Сосын командалық әлем чемпионатының финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады. Биыл Азия – Тынық мұхит аймағынан ұлдар құрамасына 4, қыздарға 3 жолдама беріледі.

Өткен жылы 14 жасқа дейінгілер арасында қазақстандық жасөспірімдер алғаш рет командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне қатысып, қола жүлде үшін бәсекеде АҚШ құрамасына жол берді. Сөйтіп үздік төрттікке ілікті.