12 наурызда Алматыда қатты жаңбыр жауады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, 12 наурызда қалада қатты жаңбыр жауады. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Сонымен қатар 10-12 наурыз аралығында қардың қарқынды еруі мен ағынның қалыптасуы күтіледі, мұз еріп, өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін. Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда демалыс күндері қандай ауа райы болатынын хабарлаған еді.