• RUB:
    4.96
  • USD:
    447.25
  • EUR:
    485.18
Басты сайтқа өту
Теннис 09 Наурыз, 2023

Александр Бублик Индиан Уэллс мастерс турнирінде сүрінді

256 рет
көрсетілді

Қазақстанның бірінші, әлемнің 46-ракеткасы Александр Бублик Индиан Уэллс мастерс турнирінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан теннисшісі бірінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 175-орында тұрған тайбэйлік Ву Тун Линмен күш сынасты.

Бірінші кезеңде есеп теңесіп 3:3 болды, алайда тайбэйлік спортшы брейк жасап, 6:4 есебімен басымдылығын сақтап қалды.

Қарсылас екінші сетте де алға жылжыды - 3:1. Нәтижесінде ол 6:4 есебімен жеңіп, келесі айналымға өтті.

Десе де Александр Бублик 6 эйспен көзге түсті.

Айта кетсек, турнирдің жалпы жүлде қоры - 8,8 млн АҚШ доллары. Индиан Уэллс додасы 19 наурызда аяқталады.