• RUB:
    4.96
  • USD:
    447.25
  • EUR:
    485.18
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Ақпан, 2023

Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады?

541 рет
көрсетілді

2023 жылдың наурыз айында бес күндік жұмыс аптасында жұмыс істейтін қазақстандықтар 12 күн демалады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз сәрсенбіге сәйкес келді, сол себепті ол күн демалыс болып бекітілді. 

Наурыз мейрамында қазақстандықтар сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері – 21, 22 және 23 наурыз күндері демалады. Мереке аптаның ортасына түседі, сондықтан жұмыс аптасы қысқа болады.

Осылайша наурызда қазақстандықтар мерекелерге орай 4 күн демалады. 

Сонымен қатар наурыз айында оқушылар 18 наурыздан 26 наурызға дейін көктемгі демалысқа шығады.