• RUB:
    5.26
  • USD:
    457.98
  • EUR:
    490.86
Басты сайтқа өту
Әлем 20 Ақпан, 2023

Бразилияда су тасқынынан 36 адам қаза тапты

291 рет
көрсетілді

Бразилияның Сан-Паулу штаты билігі су тасқыны салдарынан 36 адам қаза тапқанын  мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Су тасқыны кейбір қалаларда дәстүрлі карнавал мерекесін тоқтатуға мәжбүр етті.

Желіде тараған бейнежазбадан су астында қалған аудандар мен магистральдарды және қираған үйлерді көруге болады.

Құтқару топтары қызу жұмыс істеп жатыр. Жексенбіде кейбір аудандарда 600 мм-ден астам жауын-шашын болған, бұл бір айдағы күтілетін мөлшерден екі есе көп.