• RUB:
    4.84
  • USD:
    441.41
  • EUR:
    477.78
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Ақпан, 2023

Маңғыстауда жоғалып кеткен әйел табылды

4760 рет
көрсетілді

Өткен жылы қыркүйекте жоғалып кеткен Маңғыстау облысының 27 жастағы  тұрғыны Жәния Абдуллаева табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сүйінші хабарды LIDER.KZ еріктілері Instagram парақшасында жариялады. Жәния Абдуллаева былтыр 29 қыркүйекте Бейнеу ауылындағы ауруханаға жұмыс істеу үшін үйінен шығып кетіп, хабар-ошарсыз кеткен еді. Кейінірек оның Бейнеу-Маңғыстау бағытындағы пойызға билет сатып алғаны белгілі болды.

Туыстары Жәнияны іздеуге еріктілер мен құқық қорғау органдарына жүгінген. Алайда іздестіру жұмыстары нәтиже бермеген болатын.