• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Саясат 06 Ақпан, 2023

«AMANAT» партиясының кезектен тыс Съезінің күн тәртібі бекітілді

307 рет
көрсетілді

«AMANAT» партиясы Саяси кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кеңес қаулысымен кезектен тыс XXV Съездің күн тәртібі бекітілді: Партия Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу; Партиялық тізімдер және бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды бекіту; Партияның сайлауалды бағдарламасын талқылау.

Еске салайық, партия Төрағасы Ерлан Қошановтың шешімімен «AMANAT»-тың Съезі 7 ақпанда Астана қаласында өтеді. Съезд жұмысына еліміздің барлық өңірінен делегаттар қатысады.

Соңғы жаңалықтар