• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Қаңтар, 2023

Қазақстан елшісі Болгария президентіне сенім грамоталарын табыстады

148 рет
көрсетілді

Қазақстан Елшісі Виктор Темірбаев Болгария президенті Румен Радевке сенім грамоталарын табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенім грамоталарын табыстау рәсімінен кейін өткен кездесу барысында елші Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жылы лебіздері мен ізгі тілектерін жеткізіп, Астана екі ел арасындағы қатынастарды нығайтуға, оның ішінде саяси диалогты, сауда-экономикалық, инвестициялық және транзит-көліктік байланыстарды жандандыруға ерекше мән беретінін хабарлады. Қазақстандық дипломат сұхбаттасушыны елімізде жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен таныстырды.

Өз кезегінде Р.Радев Қазақстан Болгарияның Орталық Азиядағы ең маңызды және негізгі әріптесі екенін, сондай-ақ елімізбен өзара қызығушылық тудыратын салаларда ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін хабарлады. Сонымен қатар Қазақстан елшісін ресми қызметке кірісуімен құттықтап, Қазақстан-Болгария қатынастарын нығайту жолындағы жұмысына табыс тіледі.

Қалыптасқан протоколдық практикаға сәйкес, Болгария президентіне сенім грамоталарын тапсырғаннан кейін елші В.Темірбаев Софиядағы «Белгісіз сарбаз» ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.