• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Қаңтар, 2023

TikTok-та Ақорданың ресми аккаунты пайда болды

192 рет
көрсетілді

TikTok желісінде Ақорданың ресми аккаунты пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл ақпаратты Президенттің баспасөз қызметі растады. Парақша «көк белгі» алды, яғни TikTok әкімшілігі бұл аккаунтты ресми деп таныды.

Парақшаға 5 мыңға жуық қолданушы жазылды. Қазіргі уақытта ең танымал видео - Қасым-Жомарт Тоқаев пен Біріккен Араб Әмірліктері президенті кездесуінен үзінділер. Бейнебаянды 300 мыңнан астам желі қолданушысы тамашалаған.