• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Әлем 27 Қаңтар, 2023

Бразилияда жол апатынан 12 адам қаза тапты

153 рет
көрсетілді

Бразилияның солтүстік-шығысында медициналық фургон жүк көлігімен соқтығысып, 12 адам қаза тапты, деп хабарлайды, Egemen.kz.

Әскери полицияның мәліметінше, оқиға сәрсенбіге қараған түні Токантинс штатындағы Нативидади муниципалитетінің маңында болған. Екі көлік бетпе-бет соқтығысқан.

«Зардап шеккендердің арасында жеті әйел, төрт ер адам және бір сәби бар. Тағы екі жолаушы жарақат алды», деп жазылған жергілікті БАҚ-тағы ақпаратта.

Белгілі болғандай, жүк көлігінде болған ер адам мен әйел жеңіл жарақат алып, олар көп ұзамай ауруханадан шығарылған.