• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Өнер 24 Қаңтар, 2023

Көне қоржынның кереметі

538 рет
көрсетілді

Қазақтың этнографиялық құндылығын танытатын жәдігердің қатарында қолөнер шеберлерінің тоқыма бұйымдары да бар. Соның дәлеліндей, көнеден жеткен қоржындардың бір тобы қазір Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында сақтаулы тұр. Өткен аптада музей қызметкерлері 20-ға жуық қоржынды жұртшылық назарына ұсынды.

Экспозицияға қойылған алуан түрлі қоржынның бірі киіз­ден, кейбірі түкті кілемнен жасалған. Пішіні әртүрлі қор­жындар шаруашылық, тұр­мыстық мақсатта қолда­нылған. Мәселен, мемлекет қайраткері, ұлттық өнердің жанашыры Иманғали Тасмағамбетов 1999 жылы сыйға тапсырған қоржын жүннен түксіз етіп тоқылған. Төрт­бұрышты, қызыл-қоңыр түсті бұл қоржынның бетінде өрнегі, етегінде шашағы бар.

Тағы бір қоржынды 1978 жылы Жылыой ауданындағы Қосшағыл ауылының тұрғыны Жаңылсын Тағанова музей қорына тапсырған. Жергілікті қолөнер шебері иірілген жүн­нен тоқылған қызыл түсті қор­жынға ромбик тәрізді бірнеше өрнек салған.

Халқымыз көнеден жет­кен этно­графиялық құн­ды­лық санатындағы қоржынды құдайындай сыйлайтын құда­сына арнаған. Сондай ерекше қоржынның бірін қолөнер шебері Әзима Жамамбаева 1990 жылы тоқыған екен. Құда қоржыны бетіне қызыл, жасыл, көк, сары жіптерден жүз теру өрнегімен тоқылған. Екі қал­талы, ортасынан байлайтын жібі бар. Бұл туынды 2007 жылдан бері музейдің жәдігеріне айналған.

Ал 1931 жылғы ашаршылық кезінде Қарақалпақстанға кө­шіп кеткен қандасымыз, қол­өнер шебері Балкүнше Құр­манқызының туындысын немересі көздің қарашығындай сақтап келген. Сәндібай Құл­мышев он саусағынан өнер тамған әжесінің бұйымын жо­ғалтпай, 2017 жылы музей қорына тапсырыпты.

 

Атырау облысы