ШҚО-да құтқарушылар кәріз құдығында жұмыстар жүргізу кезінде газбен уланған үш жұмысшыны құтқарып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ведомство мәліметіне сүйенсек, оқиға орнына Глубокое ауданы ТЖБ бастығы Константин Боровиков пен аудан әкімі аппаратының ТЖ және азаматтық қорғау саласы бойынша бас маманы Темірлан Кеңесқанов келген.
«Олар бірінші болып келіп, құдықтан екі зардап шеккенді шығарды. Тағы бір ер адам өздігінен сыртқа шығып, құтқарушыларды шақырған», делінген ақпаратта.Зардап шеккендер медициналық көмек көрсету үшін аудандық орталық ауруханаға жеткізілді.
Маңғыстауда жанармай құю бекетінде жарылыс болды: Жұмысшы зардап шекті
Қазіргі таңда дәрігерлер олардың өмірі үшін күресіп жатыр, ал оқиғаның мән-жайын мамандар анықтап жатыр.