• RUB:
    4.96
  • USD:
    447.25
  • EUR:
    485.18
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Желтоқсан, 2022

Қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесу фактілері анықталды

406 рет
көрсетілді

Қостанай облысы аумағында жаңа жыл қарсаңында «Шырша» жедел-алдын алу операциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыс полицейлері мүдделі органдармен бірге тасжол бойындағы қылқан жапырақты ағаштар өсетін жерлерде тәулік бойы рейд жүргізіп жатыр.

«Полиция қызметкерлерінің патрульдік жұмыстарының нәтижесінде қарағайларды заңсыз кесудің екі фактісі анықталды. Бірінші факті Меңдіқара ауданында, екіншісі Қостанай облысында тіркелді», деді Қостанай облысы ІІД табиғатты қорғау полициясының қызметкері Тимур Нұрсаитов.

Анықталғандай, үйге шырша орнатуға тапсырыс беру мақсатында ормандағы жас қарағайларды ер адамдар кесіп алған.

Нәтижесінде екі адам ҚР Әкімшілік кодексінің 381-1 бабы «Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау» бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

15 желтоқсаннан бері «Шырша» жедел-алдын алу шарасы аясында полиция қызметкерлері 10-нан астам құқықбұзушылықты анықтады.